
РЕСМИ — «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың волонтерлік қозғалысты дамыту және қолдау жөніндегі тапсырмасына сәйкес «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жариялайды.
Жыл сайын табысталатын халықаралық сыйлық қоғам игілігі үшін қызмет етіп, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлік топтарды, қазақстандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды ынталандыруды көздейді.
«Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»;
«Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»;
«Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»;
«Денсаулық сақтау саласын дамытуға белсенді қатысқаны үшін»;
«Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»;
«Қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін қосқан үлесі үшін»;