
АЙМАҚТАР
8 — Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Атап айтқанда, 8 және 9 қыркүйек күндері сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Мәметова көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.
Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Еске салайық, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.
Дереккөз: Алматы қаласы әкімдігі · 09.09.2026
Instagram-да көру →